Қазақстаным, қайда барасың? Мен өз көзіммен көрген бір жағдайды айтқым келеді. Менің күйеу балам мен қарындасым Қытайдан кран техникасын сатып алып, тірлік жасап, бала-шағасын асыраймыз деген үмітпен банктен қарызға ақша алды. Қанша сома алғандары маған белгісіз, бірақ сол техника үшін қарызға кіргені анық. Өздері көп балалы отбасы, Ақмола облысының Қояды ауылында тұрады. Сол кранды Қазақстан-Қытай шекарасынан өткізіп алғандарына 5 ай болды, бірақ Алматы қаласында әлі күнге дейін тұр. Себебі кранның құжаттары (рәсімдері) әлі толық реттелмеді. Ең өкініштісі - техника қазір жұмыс істемей, табыс әкелмей тұр. Ал банкке ай сайын төлейтін несиелері бар. Күйеу балам Алматыда сол кранның соңынан табанынан тозып, сабылып жүр, ал ауылдағы бала-шағасы не ішіп, не жеп отырғанын өздеріңіз ойлап көріңіздерші. Сонда бұл қалай болғаны? Қазақстанның "халықты қолдаймыз" деген ұраны қайда қалды? Еңбек етем, кәсіп ашам деген азаматтардың жолын кескеннен кім ұтады? Қытайдан техника кіргізуге еш кедергі жоқ, бірақ Қазақстанның өз ішінде құжат рәсімдеуге келгенде шексіз тосқауылдар мен бюрократия. Бұл қалай? Қытайдан техника әкелуге жол ашық, бірақ Қазақстанға өткен соң неге осыншама әуре-сарсаң басталады? Бұл не деген сұмдық жүйе? Қарапайым халықты тірлік жасамасын деп әдейі тұсаулап отырғандай әсер қалдырады. Осындай жағдайда жүрген көп балалы отбасылар не істемек? Күнкөрісі не болмақ? Бес баласы бар қарапайым қазақ отбасының болашағын ойран ететіндей, заң мен тәртіп осыншалық әлсіз, жемқорлық жайлаған елде халық қалай өмір сүреді? Менің бұл сұрағым - Қазақстандағы шенеуніктерге, заң шығарушыларға, халықтың тағдырын шешіп отырған билікке тікелей бағытталған. Қазақстан өз халқына қарсы жұмыс істейтін мемлекетке айналып бара жатқанына жаным ауырады. Халықты езудің, тіршілік жасауына кедергі болудың орнына, неге қолдау көрсетпеске? Өз халқының еңбегін бағаламайтын, үмітін өшіретін ел болуымыз керек пе? Осындай әділетсіздікті көре тұра үндемей отыру - елдігімізге сын. Биліктен талап етемін: халыққа жұмыс істеңдер! Кәсіпкерлікті тұншықтырмай, керісінше жол ашыңдар! Техникасының соңында сабылып, бала-шағасының жағдайын ойлап, қарызға батқан халықтың жанайқайына құлақ асыңдар! Бұл - бір ғана отбасының басындағы мәселе емес. Бұл - бүкіл қазақстандықтардың басындағы ащы шындық.
@ГульсимШаяхметова-ь7з2 ай бұрын
Кабинетте отырып басқару ма, егер су жоқ екенін білмесе.