Рет қаралды 69
Өңірде ханбалық өсіріп, қой жүнінен түрлі өнімдер жасау қолға алынды. Ерекше бизнесті бастаған онға жуық тұрғын енді «Бір ауыл - бір өнім» жобасы бойынша қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін әрі қарай дөңгелетуді көздейді.
Құлпынай, тұшытылған су, хош иісті және кір сабын, ұлттық нақыштағы бұйымдар. Бұның бәрі Жаңаөзенде жасалған. Дегенмен, елдің назары шағын аквариумдағы ханбалықтарға ерекше ауды. Жергілікті тұрғын Атыраудан шабақ әкеліп, қазір үй жағдайында өсіріп отыр. Енді кәсібін дамыту үшін қайтарымсыз қаржыға үмітті.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24