Рет қаралды 35
Былтыр елде адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 119-ы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға арналған при-тондарды ұйымдастыруға қатысты болған. Мамандардың сөзінше деректердің көптеп тіркелуі арнайы заңның қабылдануына байланысты. Бүгінде республиканың 20 аймағында дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы бұл мекемелерде зардап шеккен 247 адам тиісті қызмет алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, құжаттарын қалпына келтіру мен жұмыс тауып беру сынды қызметтер көрсетілді.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24