Рет қаралды 15,827
Израиль Иранның 200-ден астам нысанын бомбалады. Израиль тек қана әскери немесе ғылыми нысандарды ғана емес, үйлерді де бомбалап жатыр. Әуе соққыларынан келген шығын әлі есептелген жоқ. Кадрларға қарасақ, шабуыл салдары ауыр әрі алапат. Кейбір ғимараттар толығымен жермен-жексен болған. Тегеран тұрғындары жаңа шабуылдар болады деген үреймен үйлерін тастап, ел астанасынан жаппай кетіп жатыр. Көбі елдің теріскейін бетке алған. Халық азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттарды талап әкетіп жатыр. Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24