Рет қаралды 102
Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші республикалық слеті өтті. Ауқымды іс-шараға жүзден астам студент жиналды. Олар шеберлік сабақтарына қатысып, жұмысшы мамандықтардың болашағын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Жұмысшы мамандықтарды меңгеріп жатқан студенттер слеті Қазақстанның інжу-маржаны - Бурабайда өтті. Жастардың барлығы үлкен жетістіктерге қол жеткізген және өндірісте тәжірибе жинап үлгірген. Жиынға қатысушылар өздерінің инновациялық жобаларымен таныстырып, бірнеше кездесуде білімдерін жетілдірді.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24