Рет қаралды 59
Ақтөбе облысында «Ауыл Life» жобасы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Қалада туып-өскен жастар ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысып жүр. Қаймағы бұзылмаған Қобда ауылына барған бозбалалар мен бойжеткендер 3 күн бойы түрлі шеберлік сағатына қатысып, тәжірибе жинайды. Ауылдың қым-қуыт тірлігі күнделікті мал күтімімен басталады. Алдымен сиырды сауып, өріске жібереді. Таңсәріде шелек алып, қораға келген жастарды «Ақ мол болса, бақ мол болады», - деп күтіп алған ақжаулықты әжелер сиыр саууды үйретті.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24