Рет қаралды 2,887
Қарғын су аудан орталығының кіреберісіндегі өткелді шайып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарды қайықпен тасымалдауда. Ойыл өзеніндегі негізгі көпір өткен жылғы су тасқыны кезінде қирап, жөндеуге жабылған. Бүгінгі күнге дейін қайта қалпына келтірілмеген. Сондықтан елді мекенге қатынау үшін өзен арнасына уақытша өткел төселген еді. Алайда еріген қар суының ағыны топырақты шайып, автокөліктердің өтуіне мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі уақытта уақытша техникалық көпір салынуда. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, жол шамамен үш күн ішінде қайта ашылуы тиіс. Дегенмен, қарғын судың ауылға тікелей қауіп төндірмейтіні хабарланды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #24kz #хабар24 #жаңалықтар #новости #казахстан #қоғам #общество #қазақстан #ақтөбеоблысы #ойыл #көлік