Рет қаралды 80
Бүгін Ақтөбеде ұлттық киім фестивалі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Наурызнама онкүндігінің аясында сән керуені ұйымдастырылған. Қазақтың дәстүрлі бүрмелі көйлегі мен қамзол-күрте киген жастар мен кимешек-кәжекей мен шапан киген қариялар шаһардың орталық алаңында бас қосты. Мерекелік шарада ұлттық ою-өрнек пен әшекейден көз тұнады. Көрермен назарына ұсынылған әрбір бұйым қазақы болмысты ерекшелеп тұр. Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасынан табылған «Ұлттық киім» күні өткен сән керуеніне 2500 адам қатысты.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24