Рет қаралды 7,536
Әлемде туған жерін тастап, өзге елден пана сұраушы мигранттар қатары күрт артты.
БҰҰ-ның келтірген дерегіне сәйкес, олардың саны осыдан 5 жыл бұрын 281 млн-ға жетті. Көрсеткіш 1990 жылмен салыстырғанда 128 миллионға өскен. Бұл әлем халқының 3,6 пайызы. Бұлай босып жүргендердің дені ер адам. Пайызға шаққанда шамамен 52. Ал қалған 48 пайызы әйелдерге тиесілі. Ал жас ерекшелігі 20 мен 64 жас аралығын қамтиды. Келімсектердің көбі Азия мен Еуропада қоныстанған. Солтүстік Америкада 21, Африкада 9, Латын Америкасы және Кариб теңізінде 5% мигрант тұрады.
#Жаңалықтар #мексика #АҚШ #мигранттар #БҰҰ #24KZ #хабар24