Рет қаралды 113
Алматы халықаралық әуежайы Наурыз мейрамын ұжым болып атап өтті. Мерекелік думанға Түрксіб ауданының тұрғындары да қатысты. Шетелдік туристерге қазақ халқының дәстүрі, тағамдары, өнері мен мәдениеті таныстырылды. Күні бойы шеберлік сабақтары өтіп, қонақтар қазақша ет асуды, бауырсақ, наурыз көже сияқты ұлттық тағамдарды әзірлеуді үйренді. Тоқыма тоқу, кестелеу, ағаш ою сияқты шеберлік дәрістері өтті. Ұлттық киімдер мен әшекей көрмесі ұйымдастырылды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24