Рет қаралды 425
Алматыда болған қатты дауыл кезінде қала тұрғыны Райхан Есалиева ажал аузынан аман қалды. Кенеттен көтерілген жел оның жұмыс орнындағы нысанның әйнекті қасбетін жұлып түсіріп, әйелдің үстіне құлаған. Абырой болғанда, дәл сол жерде 7-қалалық аурухананың хирургі Газиз Төлепбергенов болған. Дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауыр жарақат алған әйелдің өмірін сақтап қалды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24