Рет қаралды 651
Алматыда Virus атты экочеллендж жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Идея авторы - жас блогер Дулат Нәбиев. Ол 23 күн бойы қала көшелерін қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосып келеді. Бұл бастамаға, әсіресе, жастар қызығушылық танытып, еріктілер қатары күн сайын артуда. Бұған дейін қатысушылар Сайран көлінің маңын қоқыстан тазартып, енді базар айналасындағы аумақты ретке келтіріп жатыр.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24