Рет қаралды 72
Қыста көшені қар мен мұздан тазалау оңай емес. Алматы таза болуы үшін коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларына тәулік бойы еңбек етуіне тура келеді. Осы ауыр бейнетті қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты игі шараны қолға алды. Белсенді топ 40-қа жуық коммуналдық қызмет жұмысшысына ыстық тамақ ұсынды.
#Алматы #коммуналдыққызмет #тамақ #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24