Рет қаралды 7,238
Бүгін, 2 сәуір - бүкіл әлемде аутизм жайлы ақпарат тарату күні.
Ал елімізде бұл дертке шалдыққандар саны азаяр емес. Астанадағы бір ғана орталықтың өзінде 2015 жылы 443 бала тіркеуге алынса, қазір бұл көрсеткіш мың жарымға жуықтады. Сондай-ақ мұндай диагнозы бар балғындармен жұмыс істейтін мамандар тапшы.
Өкінішке қарай, бұл тек Қазақстанды ғана емес, жаһанды алаңдатқан проблемаға айналды. Елімізде аутизммен ауыратындардың нақты есебі жоқ. Себебі медицинада ол тек психикалық даму ауытқушылығы ретінде көрсетіледі. Атап өтейік, аутизм балаларда ақыл-естің кеш жетілуі, сөйлеуінің кешеуілдеуі түрінде көрініс береді. Ал бізде көбіне бұл жағдайда «баланың еркелігі, әлі-ақ сөйлеп, ашылып кетеді» деп мән бермеу басым. Алайда өкініштісі сол, аутизм асқынған жағдайда бала қатарынан қалып қойғанынан бөлек көптеген дене және сезім мүшелері жетілмей қалуы әбден мүмкін. Мысал келтірсек, мінекей. Бұл - Ілияс деген балақай. Сегіз айында ана, әке деп былдырлап жүрген ол бір жарым жасында сөйлеуден қалды. Бірақ дәрігер анасын «Ұл баланың тілі кеш шығады. Алаңдамаңыз» деп кері қайтарады. Алайда екі жылдан соң ресейлік ақ халаттылар Ілиясқа аутист диагнозын қойған. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
/ tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - / tvkhabar24
Instagram - / tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - / tvkhabar24
Vkontakte - tvkhabar24