Рет қаралды 41
Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі дәстүрге сай бүгін "Көрісу күнінен" басталды. Осыған байланысты әз-Наурызды атап өтуге дайындық қазірден бастап қарқынды жүріп жатыр. Биыл жыл басы ерекше аталып өтпек, дейді ұйымдастырушылар. Халықтың дәстүрін, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған мың жарымнан астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған.
Айтулы күн әр адам баласын бір-біріне мейіріммен, кешіріммен және қайырыммен қарауға үндейді. Байырғы халық бұл күні қыстан аман шыққанына қуанған. Мәз-мейрам болған. Үйлерді аралап, "мал-жан аман ба?" деп хал-жағдай сұрасқан.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24