Рет қаралды 88
Былтыр батыс өңірінің шаруашылықтары 700 тонна балық өсіруі тиіс еді. Бұл «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қабылдаған кешенді бағдарламада көрсетілген. Алайда жоспардың орындалуы 60%-тен аспады. Тек Маңғыстау облысына 67 тонна міндеттелсе, соның 42%-і іске асқан. «Былтыр су тасқыны кедергі болды», - дейді мамандар. Биыл жұмыс жалғасады.
#атырауоблысы #балықөсіру #балықшаруашылығы #Жаңалықтар #24KZ #хабар24