Рет қаралды 223
Елімізде 67 мыңнан астам азамат қылмыстық жазаға тартылған. Оның 40 мыңнан астамы түрме мен тергеу изоляторында отырса, қалғаны пробациялық есептегілер. Биыл 15 мыңнан астамы рақымшылық акциясына іліккелі отыр. Яғни, әрбір үшінші қылмыстыға кешірім жасалмақ. Нақтырақ айтсақ, қылмыстық атқару жүйесінен 632 адам және пробация есебіндегі 3500 адам бостандыққа шығарылады. Оған қоса, жазасын өтеуге соңғы 1 жылы қалған 1700-ден астам азамат ертерек босатылмақ. Бас бостандығынан айырылған 5400 адамның жаза мерзімі қысқарады. Пробациядағы 5,5 мың адамға да осындай жеңілдік берілмек.
#Жаңалықтар #мәжіліс #24KZ #хабар24 #қылмыскер #түрме #пробациялықбақылау #рақымшылық #заңментәртіп #бостандық #статистика #мәселе