Рет қаралды 4,107
Экономиканы әртараптандыру - кезек күттірмейтін маңызды міндет. Мемлекет басшысы мұнайға байланбай, елде шикізаттық емес салалардың тынысын ашуды тапсырды. Соның нәтижесінде 6 жылда өңдеу өнеркәсібі 31,4%-ке, құрылыс 96,3%-ке ұлғайды. Бұған әсіресе шетелдік инвесторлардың қызығып отырғанын айта кету керек. Былтыр олар біздің елге қаржы салып, ірі жобаларға бастамашыл болды. Ал сарапшылар алдағы 3 жылда инвестициялық климат бұдан да жақсара түсетінін айтты.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24