Рет қаралды 266
Мәжіліс «Байқоңырда» бой көтеріп жатқан «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешеніне қатысты Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Кешеннен алғашқы зымыран биыл жыл соңында көкке көтерілуі тиіс. Ұшу сынақтарының кейінге шегерілуіне геосаяси жағдай себеп болған. Салдарынан қажетті жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу қиындаған. Алайда бұл жобаның тоқтап қалуына жол берілмейді. Керісінше, 2028-2039 жылдар аралығында кешеннен жыл сайын ұшырылатын зымыран саны екіден үшке дейін артпақ. Бұл жобаға салынған қаражаттың қайтарымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар резидент еместер үшін қосылған құн салығына нөлдік мөлшерлеме енгізіледі.
#Жаңалықтар #мәжіліс #24KZ #хабар24 #байқоңыр #ғарышайлағы #бәйтерекзымыранкешені #қаржы #дайындық #парламент #қоғам