Бетпе-бет. Ғани Бейсембаев. Білімді ұрпақ - ел ертеңі

  Рет қаралды 16,241

Телеканал 24kz

Телеканал 24kz

Күн бұрын

Ғани Бейсембаев - ҚР Оқу-ағарту министрі.
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz
*******
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ:
Facebook: / tvkhabar24
Instagram: ...
Telegram: t.me/tvkhabar24
TikTok: / 24khabar
Twitter: / tvkhabar24

Пікірлер: 79
@НазипаСадыкова-е3й
@НазипаСадыкова-е3й Жыл бұрын
Қазіргі мұғалімнің жағдайы мәз емес қой. Оқушыдан ештеңені талап ете алмайды: мектеп формасы болсын, білім сапасы болсын. Талап ете қалса, ата анасы қол шоқпарын алып жетіп келіеді. Сен кім едің менің балама сөйлейтін, өзіңе дұрыстап қарап ал дегендей. Алдымен ата ананы тәрбиелеу керек деп ойлаймын. От басы, ошақ қасында мұғалім жайлы әңгіме дұрыс айтылмайды. Барлық мұғалім бірдей нашар емес шығар, ішінде кездеседі кейінгі кездері кім болса сол диплом сатып алып жатыр. Ешқандай білімі де, қабілеті де сәйкес келмейді. Ата ана бала шағасына отбасы құндылықтарын бойына сіңіре отырып тәрбие беруі керек. Қазіргі ата аналар тәрбие мәселесін мектепке ысырып қойған. Мұғалімнің алдында оқушы сөткесіне 8--9 сағат болады ең көп дегенде, қалған уақытты ата анасымен бірге өткізеді. Сабақтан тыс уақытта көшеде жүрсе де сынып жетекшісі жауап беруі керек. Сосын мектепті бітіріп кеткеннен кейін ата аналар өзінің туған баласына айтқанын істете алмай жптқаны. Ата ана мен баланың ортақ пікірі, бір біріне деген сенім болмаса, сыйластық қайдан болады. Тәрбие тал бесіктен басталуы керек ата бабамыздың салты бойынша. Бірақ ол тәрбие қалып бара жатыр балабақшамен ауыстырылып. Ел боламын десең бесігіңді түзе дейтін атам қазақ. Бесіктің орнын коляска мен кенгуру қалтаға алмастырып жатырмыз, балаға ыңғайлы деп. Балам ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып өссін десең ата бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие қағидаларын қолға алу керек.
@meningelimkazahstan3594
@meningelimkazahstan3594 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум құрметті əріптестер. Ғани Бисембаев мырзаға сəттілік тілеймін! Тест жүйесі нағыз жемқорлықтың көзі болып отыр алды миллион беріп өтіп жатқан жағдайлар жағаңды ұстатады. Мұғалімге бір ғана мүмкіндік дегенді алып тастасаңыздар. Мен білетін бастауыш сынып мұғалімі Кенжегүл Мария апкилердің тестен өте алмай қалғанда қандай күйзеліске түскенін көрдім. Пенсия жасына келген тəжрибелі мұғалім ұстазымыз. Біз білеміз атан аналар ол кісіге таласып береді балаларын. Менің баламдыда оқытты өте сауатты білімді тəрбиелі болып шықты. Біз бермеген білімді тəрбиені берді. Грантқа түсті баламыз. Сол үшін тестен өте алмаса мүмкіндік берілу керек. Өте алмай қалды деген сөз білімсіз деген сөз емес қой. Қателесуі қобалжуы компьютердегі сұрақтардың шатасуы болуы мүмкін. Тест жүйесіндегі жемқорлыққа балта шабу керек.
@madioralkhan8151
@madioralkhan8151 Жыл бұрын
Салеметсиз! Ешкандай акшамен шешилмейди, ол отирик , дайындалса кез келген устаз тапсырады. Акша береди ,берген адам осы тести жатта, осыдан келеди деп тест береди, ол оны жатпай турмай жатайды. Жаттаган сон отпейме. Тест сатып акша тауып жургендер олар, сатып алмай сол тести ози жаттаса отип тур
@dzheylo3814
@dzheylo3814 Жыл бұрын
Тестын сурактары кате катего соны кым тексереды? Биринше провессор Казакстанын Тажибаевпа я болмаса Коянбаевпа тусыныксыз,тагда баска сурактар психология боиынша басты кетыртетын,дым тусыныксыз,неге карапаим созбем жазбаидыкен.
@ШарипбековаАйгул
@ШарипбековаАйгул Жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз.Тесттен өту деген расында жемқорлық болып тұр.Өз басым катигориядан өту дегенде қатты күйзелістің бірі
@ДарханБоранбай-з4в
@ДарханБоранбай-з4в Жыл бұрын
Тесттің керегі не? Шетелге еліктеп, білім құнын әбден түсіріп алдық, кеңес заманында жақсы білім алдық өзіміз тест тапсырмай-ақ
@НазипаСадыкова-е3й
@НазипаСадыкова-е3й Жыл бұрын
Мұғалімге бұрынғы мәртебені қайтару керек. Оқушының біліміне де, тәртібіне де жауапты болсын сабақ кезінде. Сабақтан тыс уақытта ата анасы өзі 100% жауапты болса дұрыс болар еді.
@ГулназЖакипова-я2м
@ГулназЖакипова-я2м Жыл бұрын
Солай ғой қазір де
@БахытСмагулова-ь8т
@БахытСмагулова-ь8т Жыл бұрын
Мұғалім нің біліктілігін тексеру үшін әуелі мектептегі материалдық техникалық базасы заманауй талапқа сай болу керек, ал біз болсақ әлі тозығы жеткен мектепте отырмыз
@ОналбековаКулзира-ю4ш
@ОналбековаКулзира-ю4ш Жыл бұрын
1.Мектепте бітірген оқушының бәрі математик , физик, химик, болмайды сондықтан қарапайым мектеп- гимназияларда осы пәндердің жүктемесін жеңілдету керек . 2.Әдеп пен тәрбиеге байланысты пән оқыту керек. 3.ҰБТ тапсырған кезде физка математика мектебін бітіргендерді бөлек тестпен алу керек. 4. Мектептен тыс уақытта бұзықтық жасаған оқушы үшін ата анасына жауап беру міндеттеу керек.
@АидаАргынбаева-и9ь
@АидаАргынбаева-и9ь Жыл бұрын
Балаларды ғаламтор тәрбиелеп отыр, осыған шектеу жасалса, мемлекет көлемінде
@Камила-в7т
@Камила-в7т Жыл бұрын
Жетістік сатылады ғой. Әсіресе, оқушы олимпиададан көңілі қалған.
@madiyardaurbayev6001
@madiyardaurbayev6001 Жыл бұрын
Лучше Гани Бектаевича проблемы образования никто не знает, человек за всю свою жизнь прошел путь от учителя до министра без всяких агашек, своим трудом и умом! Считаю, что образование страны в надежных руках, у человека вышедшего с народа, знающего пути решения проблем.
@НургульАбикеева-м2э
@НургульАбикеева-м2э Жыл бұрын
@БахытСмагулова-ь8т
@БахытСмагулова-ь8т Жыл бұрын
Әр ұстаздың еңбегі министрінің айлығында кем болмауы керек, өйткені тары дай болып келген баланы тәрбиелеп, білім беру еш Министрдің қолынан келмиді
@Karfagenian
@Karfagenian Жыл бұрын
Неге айлық туралы айтасыз бірден?)))
@aseke_kz11
@aseke_kz11 Жыл бұрын
Расында А.Аймағамбетов пен Ғ.Бейсембаев өз іскерліктерімен бір-бірінен асуда. Қуаныштымыз. Тек ұзағынан болсын. Ғани Бектайұлы ұстаздарды аттестаттау бойынша дөп түскендей. Ұстаз қызметі оқушы жетістігімен, сабақтардың жүйелі өткізуімен ғана бағалануы қажет. Ұстаз ол білім беруші, тәрбие беруші. Тест тапсыруда көрініс табатын камерамен бақыланатын айыпталушы немесе өзін ақтаушы адвокат емес. Ұстаздың шеберлігін директор, оқу орынбасары, әріптестері және шәкірттері біледі. Яғни, өз ауласының қыр-сырын сол аула егесі біледі. Қызметімізге сырттан тон пішіетін бағалу қажет емес. Жаңа Қазақстанды қалыптастырып, оны гүлдендірудегі еңбектеріңіз елене берсін!
@ШарипбековаАйгул
@ШарипбековаАйгул Жыл бұрын
Білім министрі Ғани Бейсенбаев мырза сіздің жеке парақшаңызғада жазған болатынмын. Мұғалім балаға білім береді ма әлде кәзіргі таңдағы қалалық білім бөлімдерінен келіп жатқан шектен тыс тапсырмаларын орындау керек па? Неге әдіскерлер өз жұмысының бәрін мұғалімге артып қоя берулерін тоқтатпайды. Мысалыға: олимпияда мұғалім мен оқушылар арасында және түрлі сайыстар мен сайысқа қатысты тапсырмалар. Өз жұмысымыз балаға білім беру жолында емес әдіскерлерден келген хаттармен жұмыс жасаудамыз. Әдіскерлер керісінше бізге келіп үйрету керек заң бойынша жұмыс барысындағы қиыншылықтарды жою жұмыстарды.Олар қайта бізге үйретпек тұрмақ қалталарын жөндеп кетуде.Білім бөлі әдіскерлерін қайта таратыңыздар. Мұғалімге керек емес ол кісілердің шексіз тапсырмалары.Әр мұғалім өз пәніне тыңғылықты дайындалсын оданда уакыттарын текке кетирмей.Шымкент қалалық білім бөлімі әдіскерлері мүлдем қажет емес.Қайта жөнсіз хаттарымен семинар сабақтарымен жүйкемізді шаршатты.
@БибисараСагатова
@БибисараСагатова Жыл бұрын
Өте жақсы айтып отырсың. Иә, бізге үйретудің орнына тек талап етеді. Бірдеңені білсе үйретеді ғой негізі, түк білмесе несін үйретеді. Сосын приказ береді де. Керек емес негізі гор оно, рай оно дегендері. Екі мұғалімге бір басшы боп жатыр қазір. .
@gulnuribrasheva2896
@gulnuribrasheva2896 Жыл бұрын
Білім бөлімдері қажет емес.... Нағыз сыбайластықтың көкесі сол жерде....
@НазипаСадыкова-е3й
@НазипаСадыкова-е3й Жыл бұрын
Қазақы тәрбиені қолдан шығарып алғанбыз жан жаққа еліктейміз деп. Қазіргі жастардың қай бағытқа бет алып бара жатқанын түсініп болмайсың. Мінезі жайсыз, сөздері дөрекі, менмен өркөкірек ұрпақ өсіп келе жатыр.
@натальябондарь-к7з
@натальябондарь-к7з Жыл бұрын
Уважаемый господин министр, необходимо в вопросе аттестации осуществлять индивидуальный подход,связанный прежде всего со стажем.Считаю верным освободить от тестирования педагогов с 25 летним стажем вне зависимости от имеющейся квалификационной категории. Связано это с огромным стрессом и физиологическими изменениями в возрасте 47+ Если же педагог решит повышать квалификацию,тогда на общих основаниях. Верным будет оставить результаты педагога и его учеников,расширив список,мероприятий,в которых можно принимать участие. Как практикующий учитель считаю,что всю эту "американщину" необходимо убирать и создавать свою,уникальную систему образования,основанную на лучших образцах советского опыта и современных мировых тенденций
@МИР-иЯ
@МИР-иЯ Жыл бұрын
Ошибайтесь, нам надо стремиться американской системе образования...
@aidakazanbayeva1881
@aidakazanbayeva1881 Жыл бұрын
Мектептің - оқушылардың білім деңгейін көтеру керек. Оқушының да ұстаздың да талаптарын кушейту керек. Ол үшін ұстаздарымыз білім деңгейі мен біліктіліктерін артыру керек. Ал жоғарғы оқу орындарындағы студентерге болашақ білімді де сапалы мамандар болу үшін, жастарға барлық жағдайларды жасау керек. Студенттерді толықтай жатақханалармен , шәкіртақыларын көтеру керек . Студенттер - Болашақ мамандарымыз ешнәрсеге алаңдамай тек біліммен айналысса кейін мықты мамандар болып шығады.
@АидаАргынбаева-и9ь
@АидаАргынбаева-и9ь Жыл бұрын
Жетістік десе, жемқорлықтың көкесі болады. Енді енді олимпиада т. Б таза өтіп бастап еді. Осы жерде жарыстардың таза өту механизімін дұрыстап ойластыру керек.
@ЛаураКожакелдиева-ш5з
@ЛаураКожакелдиева-ш5з Жыл бұрын
Керемет 🤘
@ремикс-ж1р
@ремикс-ж1р Жыл бұрын
Орыс мектебіне қазақи тәрбие жұмысын жүргізу керек. Ата бабамыздың өмір жолынан
@РайнаНуржанова-л7э
@РайнаНуржанова-л7э Жыл бұрын
Аттестаттауға өзгеріс керек, бұрынғыдай ашық сабақ өтіп, тестті алып тастау керек негізі, партфолио дұрыс деп ойлаймын, ол мұғалімнің жетістік жиынтығы.
@ВЛОКАйка
@ВЛОКАйка Жыл бұрын
Бағдарламаны дұрыстаңызшы. Басқасын мұғалімдер өзіміз игеріп аламыз.
@НургульЖенсебаева
@НургульЖенсебаева Жыл бұрын
Ата-ана күні бойы жұмыста,бала қараусыз.сол себепті осындай.Бұрынғы заң қолданса мұғалім оқушының жынын қағып алса. ӘЙТПЕСЕ баланікі дұрыс деп наглеет дети
@АпахайЗулпыхарова-о8и
@АпахайЗулпыхарова-о8и Жыл бұрын
Менин Балам Туркистан обл Жетисай каласында Момышулы гимназияда окыды Директорына рахмет Темирдей тартип Сенимди журесин жумыста
@АпахайЗулпыхарова-о8и
@АпахайЗулпыхарова-о8и Жыл бұрын
Аттестаттау жуйесине озгерис керек
@ДаригаАбсолямоваҚазыЖОББМ
@ДаригаАбсолямоваҚазыЖОББМ Жыл бұрын
Қайырлы күн! Зейнетке шыққан зейнеткер мұғалім қызметін жалғастырғанда, сол мұғалімнің бар категориясын тест тапсырмай-ақ қалдырса, дұрыс болар еді.
@Toyokoinn7227
@Toyokoinn7227 Жыл бұрын
Учителей со стажем работы 25 лет, освободить от сдачи тестов НКТ.
@БахытСмагулова-ь8т
@БахытСмагулова-ь8т Жыл бұрын
Білім Министрлігі мүшелері аттестациялаудан өтеді ма екен?Министрліктер мектептің тыныс тіршілігіндегі білетін ұстаздар болу керек деп есептеймін
@ГульнарТаласбаева-ш6г
@ГульнарТаласбаева-ш6г Жыл бұрын
Мен министрлікте істеймін, 29 жыл мектепте жұмыс жасағам
@ГульжанД
@ГульжанД Жыл бұрын
Потом,просьба, в Тестах устанавливать вопросы непосредственно из книг по которым учим
@БибигульОспанова-о8р
@БибигульОспанова-о8р Жыл бұрын
Ұлттық тәрбие ❤
@gulnarturuzhanova5462
@gulnarturuzhanova5462 Жыл бұрын
Увеличьте заработную плату за классное руководство. Никто не хочет этим заниматься за 10 тысяч. Спроса много а оплаты нет.
@ГульжанД
@ГульжанД Жыл бұрын
Здравствуйте, Министр не говорит о том ,что они прибавку 30% считают от какого-то определенного оклада, заметьте минимального. Например 70000+30%= вот и считайте надбавки учителей😅
@ГульжанД
@ГульжанД Жыл бұрын
Потом по Педагогике, во всех вопросах особое внимание уделяют Воспитанию. Обязывайте родителей, инспекторов каждого участка, чтобы контролировали семьи. Прекращать надо наглость молодежи, нет субординации. За каждое слово, поступки обязаны в виде наказания-штрафов,наказывать. Иначе толку не будет. Воспитывайте родителей
@technodom4478
@technodom4478 Жыл бұрын
Артық қыламыз деп тыртық қылмаса болды.
@СамалРахметуллина-о5э
@СамалРахметуллина-о5э Жыл бұрын
Мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу туралы бұйрық қазіргі 561 бұйрық, бұрынғы 533 бұйрық негізінде еді. Екі бұйрықта да портфолионы бағалау барысында шәкірт жетістігі де, педагог жетістігі қамтылған, есептелген болатын.
@user-gm3lj6ks7c
@user-gm3lj6ks7c Жыл бұрын
Неге директорлар мен завучтардың айлығы мұғалімнен төмен ?
@user-gm3lj6ks7c
@user-gm3lj6ks7c Жыл бұрын
Ұлттық тәрбие маңызды. Мұғалімдер тесті жаңарымды білім мазмұнына сай болса.
@БахытСмагулова-ь8т
@БахытСмагулова-ь8т Жыл бұрын
Ең бастысы көпсалалы мектептерді барлық елді мекендерге салу керек, балалардың бос уақытын қызықты ету
@НазгульШахабаева
@НазгульШахабаева Жыл бұрын
Тест алмайды. Себеби осы видео жобасы сатып алды. Екиншиден тест кабинеттеги отырган адамдарга жаксы. Ал, практика жузиндеги адис- тасилдер мугалимдер оздери шындап окушыларга жеткизеди. Тест шкаласын азайтып , сурактарды кобейтип кажетти жок, сойлеми шубатылган сурактарды алып тастап сапалы сурактарды енгизу керек.
@Sauleeva
@Sauleeva Жыл бұрын
25жылдан сон я пенсияна, я аттест босау кк МУГАЛИМ! ШАРШАГАН МУГАЛИМ ОЙЫНШЫК БОЛДЫ "Игрушка" КИНОФИЛЬМДЕГИДЕЙ😌
@МайраКуанышова-и3з
@МайраКуанышова-и3з Жыл бұрын
Не жандандырасыңдар әбден білім саласын шатастырып жібердіңдер.Оқушы мен мұғалімге талап қою үшін, кітаптағы мағынасын дүниелерді құрту керек.Бала оқулық тан қалатын болды.Оқулықтар баланың жас ерекшелігіне сай емес.Жүие жок мүлдем.Біз осылай кете берсек.Мектептің абыройы құртамыз
@kickoff_kz
@kickoff_kz Жыл бұрын
Зейнетке шығуға 3,4 жыл қалғанда бұрынғы санаты сақталса екен,яғни аттестациядан босатылады,60 қа таяған адам память бұрынғыдай болмайды,көп шаршайды т.б денсаулық проблемалары болады. 58 жас пенсия жасы өте дұрыс өзімнің тәжірибемнен көріп отырмын
@ЖумакулТурарова
@ЖумакулТурарова Жыл бұрын
Жеке меншік мектептерінде мықты мұғалімдер көп. Кейбірі пенцияға шыққан тәжірибелі мұғалімдер. Жетістіктері өте жоғары. Ол кісілер оқушымен қатар, жас мұғалімдерді де практикада іс- тәжірибесімен бөліседі. Әсіресе оқушы мұғалім ара қатынасы және мұғалім- ата - ана ара қатынасы жайында
@ГульжанД
@ГульжанД Жыл бұрын
Общежитие детям бесплатно предоставляйте, на улицах дети живут. Почему в Советское время мы жили и кормились бесплатно.
@dzheylo3814
@dzheylo3814 Жыл бұрын
Быздер муглмнен баягыда катты коркатнедык,казыр ше бала коркпаиды,ата анасы жугирипкелип урсыпкетеды
@БакитгульЛукпанова
@БакитгульЛукпанова Жыл бұрын
25-30жыл өтілі бар мұғалім сонша жыл білмейтін нәрсеге оқытып жүр ме сонда? Сонша жыл бәлен бала оқытып шыққан мұғалімді тесттен босату керек. Тест Ұстаздықтың белгісі емес. Мұғалім мен Ұстазды теңестірмейік
@роблоксгоха
@роблоксгоха Жыл бұрын
Балаға біліммен бірге тәрбие де бірілу керектігі белгілі . Ол осы уақытқа дейін айтылып та орындалып келе жатқан дүние Мен айтар едім бала құқығын қорғау керек, бала құқығы бұзылады деп баланы еңбекке баулу ды шетке қойып тастадық Қазіргі таңда сенбілік шығу деген мүлде қалып бара жатыр Балалар сабақта отырады Мұғалім мектеп айналасын тазалап, сенбілік шығып жатқаны мені ойландырады Еңбек пен білімді де алмастырып отыру керек Баланы еңбекке баулу керек Еңбек етпеген бала жалқаулыққа салынып е ата ананы е мұғалімді тыңдамайды Сананы тұрмыс билеген мына заманда бала шағаны асырау қамымен жүрген ата ана бала тәрбиесін шетке қалдырып қойған Мектепте ата аналар институтының құру керек , тренинг өткізу керек деп бос шаршаймыз Қандай тренинг өткізсең де балада өзгеріс болмайды Сол себепті баланың білім деңгейі төмен болса мұғалім кінәлі қылмыс жасаса да мұғалім кінәлі дей бермей үйдегі ата ана қадағалауын да еске ұстау керек Ата ана қалай тәрбие беріп жатыр ата ана тарапынан қадағалау болып жатыр ма жоқ па оны да еске алып қойсаңыздар Бала тәрбиесіне дұрыс қарамағаны үшін қылмыс жасаған баланың ата анасын жазалау керек Тоқ ететін айтатын болсам еңбекке баулу керек Сонда ғана қылмыс азайып білімді бала саны артады
@РаушанАбишева-о3ъ
@РаушанАбишева-о3ъ Жыл бұрын
Мұғалім 16-18сағ жүргенде администрация48-50сағ жүруі артық емес пе соны да қараса!!!
@ЖумакулТурарова
@ЖумакулТурарова Жыл бұрын
Мектептерде жетістігіне қарай пенциядағы мұғалімдерді бір- екі жылға жас мамандарға, өз іс- тәжірибесін практикада үирету үшін жұмыста алып қала тұру мәселесі көтерілуі керек. Себебі жас маман білімі жоғары болса да бала тәрбиесі мен оның ата - ана қатынасы туралы ьілмейді - деп айта аламын. Бұл жерде ата- анамен жақын тарта ьайланыса алу, проблема болған жағдайда сөз атасын өлтірмей дұрыс, абайлап қатынас жасай отырып, түсіністкке келтіре білу, оқушының көңіл күйін аңғарамыз отырып, сабаққа қызығушылығын ашу - деген сияқты өте күрделі мәселелерді жас маман білуі мүмкін емес. Ал біздің нағыз тәжірибелі мамандарымыз ең керек кезінде кетеді де қалады. Сондықтан ондай тәжірибелі мамандарды пенциядан кейін аз сағат пен, келісіммен аз уақытқа алып қалу керек. Мен бұл ойды мына жас мамандардың ортасында жүріп, көріп, болашақты ойлағандықтан айтып отырмын
@КалимаОспанова-щ1я
@КалимаОспанова-щ1я Жыл бұрын
Мұғалім ғана емес, оқушының да жетістігі салынады потрфолияға,
@КаламкасКулахметова
@КаламкасКулахметова Жыл бұрын
100-150 есеп математикадан шығару үшін қанша уақыт керек ,бұл сұмдық ғой неге ойламайсыздар.Сонда сіздер математиктер адам емес машина деп ойлап жатқан сияқсыз.
@ЗухраБозбаева-я5и
@ЗухраБозбаева-я5и Жыл бұрын
Масқара 100-150 есеп деген
@ТубакульОрымбаева-у1р
@ТубакульОрымбаева-у1р Жыл бұрын
Жекменшік балабақшалардың айлығын мемлекеттік балабақшалармен бірдей төленсе екен сонымен қатар еңбек демалысы бізде тек 1 айлықпен шектеледі
@НазгульШахабаева
@НазгульШахабаева Жыл бұрын
Кушейту емес, онтайлы шынайы практика жузинде шыккан мугалимнин мен окушылардын енбегин багалау.
@МИР-иЯ
@МИР-иЯ Жыл бұрын
Мектепке келгенде телефонды ұстатпау керек..... балалардың барлық ниеті, ойы соның ішіндегі ойындарда отыр....аттестаттау тек сынып оқушыларынан бақылау алып, соның нәтижесі бойынша категория беру керек.... олимпиада жетістігі бойынша бағалау мүлде дұрыс емас...
@osha00071
@osha00071 Жыл бұрын
Мұғалімнің жетістіктерін автоматтандыру туралы нақтырақ айтылса
@Edixso
@Edixso Жыл бұрын
Балаға жұмыс істетіп, практикамен үйретіп көрсету керек
@РаушанАбишева-о3ъ
@РаушанАбишева-о3ъ Жыл бұрын
Психологтар баланың жетістігін қайдан алады? Жарыста 3орын болады, қатысушы одан көп сонда жылына әр облыста 3зерттеуші 3шебер болады деген сөз бе?!
@КульжанАкимбекова-э5и
@КульжанАкимбекова-э5и Жыл бұрын
Вы правы
@kickoff_kz
@kickoff_kz Жыл бұрын
Өте дұрыс
@АйжанКоспаева-ъ3у
@АйжанКоспаева-ъ3у Жыл бұрын
Тәрбие беру мектепке дейінгі ұйымнан басталатын болса, осы тәрбиешілерге жеңілдік неге қарастырылмайды. Еңбектерін неге бағаламайды . Еңбек ақымыз дұрыс төленбейді. Оған қиындатып қосылған тест тұр... Бұл тестен өте алмағандары үшін деп еңбек ақымызды азайтып отыр. Биылғы жылдың мұғалімнің мәртебесін көтеру, мұғалімді құрметтеу жылы делінген еді...
@ТемаМузыка-р9с
@ТемаМузыка-р9с Жыл бұрын
Ия осы дипломды сатып алған бәрін бірдей айтпаймын десекте сондай өз деңгейінде сабақ білім бере алмайтын ұстаздар ортамызда баршылық
@КалимаОспанова-щ1я
@КалимаОспанова-щ1я Жыл бұрын
Мектеп басшылары мен орынбасарларының магистрлігіне неге ақша төленбейді? Ол кісілер ен бірінші педагог емес пе? Педагогтерге төленсін деген бұйрық неге дұрыс орындалмайды? Мектеп директоры немесе орынбасары деген диплом берілмейді!!! Ал ол кісілердің педагог екені неге ескерілмей отыр??? Жай мұғалім магистрлігі үшін толем ақы алады? Енді сұрақ: директор мен орынбасар орнына болатын жастарға: СЕНІҢ ӨСКІН КЕЛЕ МЕ? БІРАҚ САҒАН МАГИСТРЛІГІҢ ТӨЛЕБЕЙДІ, деп айтсан ешкім өз акшасынан айрылып ол орынга барґысы келмейді. Сонда бұл мотивация ма, әлде......
@Психологкелбеті
@Психологкелбеті Жыл бұрын
Психологтарга неге сагат бермейді тест алганга тренниг откізгенге жане педаготардан жалаквсы аз кагаз жумысы көп
@СамалРахметуллина-о5э
@СамалРахметуллина-о5э Жыл бұрын
Педагогтерге ПББ қажет, бірақ еңбек өтіліне қарамай, егер педагогте жаңа форматтағы санат болып, соны растаған жағдайда ПББ босатса, екіншіден санатын көтерген жағдайда педагог пән мен методикадан тест тапсырғанда, қай бағытта шекті балды жинамады, екінші мәрте тапсырғанда тек сол бағытты тапсырса.
@gulmira3260
@gulmira3260 Жыл бұрын
Еңбек өтілін де ескеру қажет.30- жыл стажы бар ұстаздарға тест тапсыру оңай емес.
@ДилбарЗиябекова-ф9т
@ДилбарЗиябекова-ф9т Жыл бұрын
Өте орынды, қолдаймын
@nbaj8513
@nbaj8513 Жыл бұрын
Аттестация таза бинес саласы әрине қобалжу жүйке тозу , шаршау , амал жоқ . Шыдау керек бәріне көнуге тұра келеді одан басқа ешқандай мүмкіншілік жоқ сабар сақтайық бұл да ұақытша өтер кетер шыдамдылық танытайық амал жоқ бақа.
@ГульжанАжигулова-д8ц
@ГульжанАжигулова-д8ц Жыл бұрын
Министр комментарии не читает, наверное
@МайраКуанышова-и3з
@МайраКуанышова-и3з Жыл бұрын
Балалар телефонға сүйеніп кеткен.Мектепте тел ұстауға рұқсат бермеу керек.Сосын оқулыты жүзеге қоймай.Білімді,білікті балапандары мұғалімненде.Талап ете алмайсыз
Утро 24KZ | Выпуск 10:00 от 24.02.2025
39:43
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,1 М.
Жёстко обломал западного вундеркинда!
01:30
МИНУС БАЛЛ
Рет қаралды 8 МЛН
BEST STOP AT SCHOOL 🛑 PRANKING TEACHER
00:47
dednahype
Рет қаралды 15 МЛН
24 ақпан 2025 жыл - 09:00 І 24KZ таңы
38:02
Телеканал 24kz
Рет қаралды 980
UNTV: Hataw Balita Ngayon | February 24, 2025
42:33
UNTV News and Rescue
Рет қаралды 246 М.
Гордон о том, на кого работает Арестович
18:23
Дмитрий Гордон
Рет қаралды 510 М.
UNTV: Ito Ang Balita Weekend Edition | February 22, 2025
48:47
UNTV News and Rescue
Рет қаралды 473 М.