Рет қаралды 36
Елімізде дарынды балаларға арналған 130-ға жуық мамандандырылған мектеп бар. Онда 70 мыңнан аса оқушы білім алып, үздіктері халықаралық деңгейдегі жарыстарға жолдама алып жүр. Мәселен, былтыр Қазақстанда республикалық және халықаралық дәрежедегі 80-нен астам шара өткізілген. Оған бір жарым миллионнан аса оқушы қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Оқуда озат, есепке жүйрік балалардың білімін шыңдауда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24