Рет қаралды 1,161
Қазақстан халқы Ассамблеясының бас қаладағы Достық үйі, Жетісу саябағы және Есіл өзенін кесіп өтетін веложүргіншілер көпірі. Бұлар - бүгін бір күннің ішінде елордада ашылған жаңа нысандардың тізімі.
Астананың 20 жылдығына арналған өңірлердің тартуын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аралады. Сонымен қатар елорда қазақ елінің ортақ туындысы екенін айтып, ХХІ ғасырдың таңғажайып құбылысына балады.
«Сан түрлі этносты бауырына басып, шұғылалы шаңырақтың астына топтастырған қазақ елі алтын бесік болса, Есіл жағасындағы еңселі елорда - алтын қазық». Бас қаланың мәртебесін осылай көркем сөзбен өрнектеген мұнайлы өлке Маңғыстау ассамблея өкілдеріне арнап жаңа ғимарат салып берді. Бүгін оның сәулеттік ерекшелігімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы танысып, аралап көрді. Сондай-ақ этно-мәдени бірлестік өкілдерімен жүздесті. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
/ tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - / tvkhabar24
Instagram - / tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - / tvkhabar24
Vkontakte - tvkhabar24