Рет қаралды 502
Елде инвестиция көлемі шамамен 10 млрд доллар болатын 5 ірі бастама жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 8,5 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет басшысына осылай деп есеп берді. Апта басында Олжас Бектенов химия және металлургия салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған ірі өнеркәсіп жобалары бойынша кеңес өткізді. Жиында 6 өңірде іске асырылып жатқан ірі жобалар сөз болды. Атап айтқанда, Абай облысында қуаттылығы 300 мың тонна катодты мыс балқыту зауытының құрылысы жүріп жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі 1,5 млрд доллар. Ал Қарағанды облысында 2028 жылға дейін жыл сайын 9 млн тоннаға дейін көмір, 5 млн тоннаға дейін темір кені концентраты мен болат өндіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Қостанай облысында қуаты жылына 2 млн тоннадан асатын темір өндіретін зауыт салынады. Батыс Қазақстанда калий хлоридін шығару бойынша байыту-өндірістік кешен салу жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ Премьер-министрге Маңғыстау облысындағы аммиак-карбамид кешенінің құрылысы туралы баяндалды. Жоба ішкі нарықтың минералды тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз етеді.
#Жаңалықтар #ісжүзінде #24KZ #хабар24 #инвестиция #нарық #қоғам #экономика #сумәселесі #трансшекара #астық #алқап #ауылшаруашылығы #ирригация #металлургия #өнеркәсіп #концентрат