Рет қаралды 24
Елдегі оқушылар үй тапсырмалары мен бақылау жұмыстарын жасанды интеллект арқылы орындайды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің вице-министрі мәлімдеді. Мамандар жаңа жүйені мүлдем пайдалануға тыйым салу мүмкін емес екенін атап өтті. Алайда виртуалды сананы сауатты пайдалануды оқушыларға үйрету керек, дейді. Қазір осы бағытта оқу-ағарту министрлігі жасанды жүйені қолдану этикасын әзірлеуді қолға алды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24