Рет қаралды 1,019
Гренландияда өткен парламенттік сайлауда оңшыл оппозиция - Демократтар партиясы жеңіске жетті. Олар сайлаушылардың 30 пайыз дауысын жинаған. Ал жергілікті Naleraq партиясы 25 пайыз дауыспен екінші орынға жайғасты. Бұл қос партия Гренландияны Даниядан бөліп, тәуелсіздік алуды көздейді. Ал үшінші орында 20% дауыспен "Халық қауымдастығы" басқарушы партиясы тұр. Еске салайын, Ақ үй басшысы Дональд Трамп 24 қаңтарда аралды АҚШ-қа қосу туралы ұсыныс айтып, мәлімдеме жасаған еді. Бірақ Гренландия Премьері аралдың сатылмайтынын кесіп айтты. Тұрғындардың 85%-ы АҚШ-қа қосылуға наразы.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24