Рет қаралды 153
Жемқорлар жымқырған 1 трлн 130 млрд теңгеден астам заңсыз актив мемлекетке қайтарылды. Бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің 2022 жылдан бергі есебі. Архивтердің едәуір бөлігі шетелден қайтарылған. Мұндай активтердің көлемі шамамен 297,5 млрд теңге. Бұл Австрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан қайтқан ақша. Ал осы жемқорлардан қайтарылған барлық ақша әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалып жатыр. Оның ішінде мектеп, көп функционалды аурухана кешені, жедел жәрдем станциялары, дәрігерлік амбулатория жүйелері бар. Арнайы мемлекеттік қордан өңірлерде 223,9 млрд теңгеге 280-ге жуық әлеуметтік нысандарды инвестициялауға қолдау көрсетілді.
#Жаңалықтар #заңбойынша #24KZ #хабар24 #қайтарылғанактивтер #қаржы #әлеуметтікнысандар #құрылыс #жемқорлық