Рет қаралды 104
Қатерлі ісік үлкендер тұрмақ, жастарды баудай түсіріп жатыр. Әдетте кәрі-құртаң әлсіз ағзаны табады дейтін обыр енді кейінгі ұрпақты айналдыра бастаған. Тепсе, темір үзер жастағы жігіттер де аурудың алдында дәрменсіз. Ал ол дерттің қайдан шыққанын, қалай пайда болатынын әлемде ешкім білмейді. Әр елде дәрі ойлап таптық, ем қылдық дегендер бар болғанмен ғылым әзірге тап басып, тамыр ұстайтын халге жеткен жоқ. Жалпы дүниеде қатерлі ісіктің 250-ден аса түрі бар. Олардың кейбірінің емі екіншісіне сәйкес келмеуі мүмкін. Сол себепті обырға қарсы күресте ем-дом да әртүрлі болып келеді. Әдетте дәрігерлер ісікті кесіп тастайды, болмаса сәуле арқылы немесе дәрінің күшімен жояды. Біздің дәрігерлер қолға алған тағы бір әдіс - обырды тұрған жерінде мұздату. Яғни қатырып тастайды.
--------------------------------------
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24