Рет қаралды 3,128
Роман Склярдың жұмыс сапары Гуандун провинциясының орталығы Гуанчжоу қаласынан басталды. Ол аймақтың Партия комитетінің хатшысы Хуан Куньминмен кездесті. Келіссөз барысында екі елдің көшбасшылары деңгейінде қол жеткізілген консенсус аясындағы жұмыстарды іске асыру жайы айтылды. Қытайлық тарап бұл бағытта Қазақстанмен қалыптасқан жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24