Рет қаралды 79
Түркістан облысында тіршілік нәрі кесте бойынша каналдарға кезекпен беріледі. Егер шаруа суды өз бетінше алып, дақыл ауыстырған жағдайда айыппұл арқалайды. Алғашқы қатаң сөгістер жергілікті «Қазсушар» мекемесі басшыларына берілді. Олар суаруға бекітілген 4 мың гектар күріштің орнына 13 мың гектарға келісім-шарт жасаған. Биылғы жаз оңтүстік диқандар үшін оңайға соқпады. Егістіктер нақты кесте бойынша суарылады. Шаруаларға су ресурсы жеткіліксіз.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24