Рет қаралды 30
Елде 3,5 млн-нан астам адамға құмар ойын ойнауға тыйым салынған. Олардың 250 мыңға жуығы мемлекеттік қызметшілер мен күштік құрылымдардың өкілдері. Соған қарамастан жастар арасында лудоманияға шалдыққандар саны азаймай тұр. Мұның алдын алу үшін елде онлайн казино индустриясын бақылауға мүмкіндік беретін біріңғай есепке алу жүйесі енгізіліп жатыр. Енді құмар ойындарды онлайн бақылауға мүмкіндік бар. Аталған жүйе қойылған барлық ставканы тіркеп, адамның ойынға қатысу, оның ішінде екі кезеңдік биоматериалық сәйкестендіруді тексереді.
#Жаңалықтар #заңбойынша #24KZ #хабар24 #құмаройын #ақша #қаржы #лудоман