Рет қаралды 42
Елде тұмса табиғатымен көз жауын алатын туристік аймақтар баршылық. Соның бірі Шығыстағы Бұқтырма су қоймасы мен жотасында жортқан маралы бар Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі. ТМД-да ең үздік тау-шаңғы курортына кіретін Алтай альпісі. Десе де маңызды туристік бағытты дамытуға серпін беретін Осинов асуындағы төте жолдың құрылысы сағызша созылып кетті. Оның себебі сол баяғы қағазбастылық. Жол түсетін аумақ орман шаруашылығының иелігінде. Оны жол салушылардың құзырына беру үшін бақандай 4 жыл қажет болды. Жобаның кем-кетігін түзеуге тағы бір жарым жыл сарп етілді. Сөйтіп, көптен күткен бұрылысы көп бұралаң тау жолы қайта салына бастады. Ендігі сұрақ, тұралап қалған құрылыс қашан аяқталады? Өлкеде туризмнің өркен жаюына не кедергі?
#хабар24 #Түйінбағдарламасы #туризм #Қазақстан #мәдениет #курорт #нысан #мемлекет #инвестор #қаржы #табиғат #құрылыс #жол #жүйе #құрылтай #президенттапсырмасы #турист