Рет қаралды 52
Қостанайдағы бұрынғы Президент резиденциясын мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығына айналдыру жұмысы аяқталып қалды, деп хабарлайды 24KZ. Нысан аумағындағы 7 корпустың барлығы балалардың жатып, ем-дом қабылдауы үшін қайта жарақталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 352 миллион теңге бөлінді. Ал оңалту құрал-жабдықтарын алуға «Қазақстан халқына» қоры бір миллиард теңге берді.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24