Рет қаралды 1,534
Құрғақ құрылыс қоспаларының тарихы мыңжылдықтар бұрын басталған. Мысалы, Мысырда осыдан 6 мың жыл бұрын үйдің қабырғалары мен төбелерін тегістеу үшін әк пайдаланылса, ал Ежелгі Вавилонда гипс негізіндегі ерітінділер қолданылды. Ол кезде құрылыс қоспаларының қасиетін жақсарту үшін өсімдік майы, малдың қаны секілді табиғи «модификаторлар» қосылатын. Алайда XIX ғасырда цементтің пайда болуы құрғақ қоспалар саласына үлкен өзгерістер алып келді. Жалпы қазір біз қолданып жүрген құрғақ құрылыс қоспаларының отаны Германия саналы дәл осы елде Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары сапалы әрі қолдануға ыңғайлы өнімдердің сан түрі шығарыла бастады.
------------------------------------------------------------------------------------
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz
Facebook - / tvkhabar24
Instagram - / tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - / tvkhabar24
Vkontakte - tvkhabar24
#MadeInKZ #ҚұрғақҚұрылысМатериалдары #гипс #әк