Рет қаралды 771
Каспий теңізі соңғы 400 жылда ең төмен деңгейге жетті. Қазір қатты тартылғаншы сонша, судың деңгейі 29 метрге дейін түсіп кетті. Мұндай құбылыс соңғы рет жарты ғасыр бұрын байқалған. Бұлай жалғаса берсе, теңіздің биоәлеміне қауіп бар, дейді ғалымдар. Теңіз деңгейінің төмендеуі оның тұзды суын тұщытып ішетін Ақтауға кері әсер етті. Қазір жергілікті энергетикалық комбинат су жинағыш арналарды тереңдетіп жатыр. Мұндай жұмыс Ақтау теңіз портында да қолға алынды.
#каспий #Новости #24KZ #хабар24