Рет қаралды 49
Конго Демократиялық Республикасы кобальт экспортын 4 айға тоқтатты. Бұған аталған металдың әлемдік нарықта тым көп сатылуы себеп. Кобальттың бір фунты 10 доллардан да арзандап кеткен. Мұндай төмен баға кейінгі 20 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл "Фастмаркетс" ((Fastmarkets)) компаниясы сарапшыларының мәліметі. Конго Демократиялық Республикасы әлемдік кобальттың 75 пайыздан астамын өндіреді. Бұл металл электр көліктері, жел турбиналары мен күн тақталарына арналған батареялар жасау үшін пайдаланылады.
#конго #кобальт #24KZ #хабар24