Рет қаралды 53
Конституциялық соттың құрылуы, мұғалімдердің жалақысының артуы мен жергілікті билік өкілеттігінің кеңеюі. Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырған негізгі реформалар талқыланды. Депутаттардың пікірінше, ең маңызды қадамдардың бірі - суперпрезиденттік басқару үлгісінен бас тарту болды. Енді Мемлекет басшысы қандай да бір саяси партияның мүшесі бола алмайды, оның жақын туыстары жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындалмайды, ал Президенттің өкілеттік мерзімі жеті жылмен шектеліп, қайта сайлануға тыйым салынды. Халық қалаулылары тағы қандай оң өзгерістерді атап көрсетті?
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24