Рет қаралды 74
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Тәрбиелі ұрпақ - қауіпсіз қоғам» атты кең көлемді акция өткізді. Танымдық шара өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Қадағалаушы орган қызметкерлері бір мезгілде аймақтың барлық білім беру ұйымдарына барып, 2 мың студент және 60 мыңнан астам оқушымен еркін сұхбат құрды. Ауқымды акция аясында жеткіншектер, музыкалық-драма театр әртістері сахналаған «Жолайырық» қойылымын тамашалады.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24