Рет қаралды 16
Жоғары оқу орнын мемлекеттік грант негізінде тәмамдаған түлек оқу ақысын өтеуге міндетті ме? Көп студентті алаңдататын мәселе осы. Себебі білім алып қана қоймай, оның шығынын қайтару да заңмен реттелген. Енді мемлекеттік грантты кімдер өтеуге міндетті, ал кімдер босатылады? Әскерге барғандарға тағы бір жеңілдік. Бұған дейін отан алдындағы борышын өтеушілер мемлекеттік грантты өтеуден толық босатылмайтын. Олар үшін өтеу мерзімі тек уақытша кейінге шегерілетін. Ал қазіргі өзгеріске сай, әскерге шақырылған азаматтар грантты мүлде өтемейді.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24