Рет қаралды 730
Еліміздегі жалпы орман алқабының 44 проценті шығыста өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алайда осы ен байлықты күтіп баптау және күзетуде кәсіби мамандар жетіспейді. Аймақта қазір 800 орманшының орны бос тұр. Басты себеп жалақының тым аздығы әрі материалдық жабдықтың нашарлығы. Мәселен, 12 мың гектарды құрайтын «Өскемен орман шаруашлығында» бір ғана қызметтік автокөлік бар.
Орманшылардың күнделікті жұмысы өртке қарсы шараны пысықтаудан басталады. Өйткені биыл көктем шыққалы аймақта өрт жиілеп кетті. Ал өңірдегі 3 миллион 800 мың гектар орманның 60 проценттен астамы сирек кездесетін қылқан жапырақты ағаш. Оған бірнеше ұлттык парк және 13 орман шаруашылығы кіреді. Алайда орманшылардың жағдайы әлі оңалмай келеді. Соңғы жылдары тіпті қызметтік форманы да өздері алуға мәжбүр.
Сапаны жақсарту үшін орманшылардың жалақысы да соған сәйкес болуы шарт. Ерлан Қамалиевтың бұл салада жүргеніне талай жыл болған. Кәсіби маманды орман шаруашылығының келешегі ойландырады. Өйткені соңғы 5-10 жылда жастардың бұл салаға ықыласы мүлде жоқ.
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz
Facebook - / tvkhabar24
Instagram - / tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - / tvkhabar24
Vkontakte - tvkhabar24