Рет қаралды 1,256
Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда Президент халық көкейіндегі өзекті мәселелерді көтерді. Соның бірі осы жалған психологтар мен коучтардың мәселесі. Расымен, соңғы тиынын беріп, сан соғып қалғандар аз емес. Желіде отырып, жұртты желпіндіретін де, ағын суды кері ағызбаса да, әп-сәтте өміріңді бал қыламын дейтіндерден көз сүрінеді. Бастысы: ақшаң болса, қағанағың қарқ болады - мыс. Қорқыныштысы сол: бұған халық иланады. Қыруар қаржы жұмсап, әлгі «Сиқырлы шам» ертегісіндегідей «тылсым күштің» тілегін орындауын күтеді. Бірақ есек дәме екенін ес жиған соң барып, бір-ақ біледі. Өкінішті. Бірақ ақиқат: бүгінде біреудің ішкі трагедиясынан пайда табу - қалыпты жағдай. Ал нағыз трагедия - адамзатты ізгілікке бастаған Абай, Шәкәрімнің ар-ұят туралы айтқаны санамызға сіңбей жатқаны...
#Жаңалықтар #24KZ #хабар24 #түйін #коуч #психолог #курс #қаржы #ақша #пайда #алаяқтық #онлайнкурс #трагедия