Рет қаралды 2,407
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесуде төменгі палата жұмысы мен заң шығару процесі сөз болды. Сессия басталғалы бері Мәжіліс 62 заң қабылдап, оның 55-іне Президент қол қойған. Су кодексі, қаржы нарығын дамыту, тұтынушылардың құқығын қорғау, денсаулық сақтау, ойын бизнесі және тауарлардың шыққан елін анықтау сынды маңызды заңдар осы кезеңде қабылданған. Қазіргі уақытта депутаттар жаңа Салық және Құрылыс кодекстерін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ғылым мен технологияларды дамыту, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ жасанды интеллект жөніндегі заң жобаларын қарап жатыр. Барлығы Мәжіліске 76 заң жобасы ұсынылған. Ерлан Қошанов Президентке жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының нәтижесі мен Ұлттық құрылтайда жүктелген тапсырмалардың заңнамалық орындалуы туралы баяндады. Сонымен қатар, Кездесуде Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және «Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асуы туралы да мәлімет берілді.
#Жаңалықтар #парламент #24KZ #хабар24 #мәжіліс #президент #заң #құқық #депутаттықсауал #жұмыс #қоғам #салықкодексі #денсаулықсақтаусаласы #жасандыинтеллект #тауарайналымы