Рет қаралды 4,930
Ресей мен Украина тұтқын алмасады. Екі тараптан 2 мың адам босатылуы тиіс.
Бұл бүгін Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының арасында өткен келіссөздерден кейін белгілі болды. Басқосуда Украина жағы екі ел басшылары арасында тікелей келіссөздер өткізуді сұраған. Бұл туралы кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24