Түркістан облысында ағын су тапшылығынан балық қырылуда

  Рет қаралды 134,773

Телеканал 24kz

Телеканал 24kz

5 жыл бұрын

Түркістан облысының орталығына жақын орналасқан Жаңа Иқан елді мекенінде ағын су тапшылығынан балық қырылуда.
Қыр беткейге су тартып, оған тоған салып балық шаруашылығын дамытқалы отырған кәсіпкер «қуаңшылықтан миллиондаған шығынға ұшырадым», - дейді. Иқан су аталып кеткен тау өзенінен келетін ағын су қазір егін еккен, бақша ұстаған шаруаға тиесілі. Ал балықшылар сусыз қалған тоғаннан өлі балықты теруде.
Су толы тоған, балықтардың мамыражай кезеңі. Бұл бейнелер көктем мезгілінің наурыз айында түсірілген. Түркістандық Рүстем Камилов өзінің шаруашылық жеріне жасанды 12 тоған қазып балық асырауды қолға алады. Мұнда сазаннан бастап, карп, беламор сынды балықтың бірнеше түрі болған. Су жоқ демесеңіз, балық тұқымдастары әлі де аздап бар.
«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде» демекші, бір кездері мына тоғанда арқыраған ағын су аққан. Ал дәл қазіргі жағдаймен салыстыра қарасаңыз, шынымен де ертегі секілді. Кәсіпкердің айтуы бойынша, бұл 8 метр болатын бір тоғанда 12 мың тоннадан аса балық ұстаған. Ал қазір дым да жоқ. Тек артында қалған шығын көп. Мұны кәсіпкер кімнен сұрарын білмей дал.
Шағын шаруақожалық иесі түбегейлі балық өсірумен айналысуға бет бұрам деп қора толы қойын, тіпті, біраз ірі қарасында сатқан екен. 12 тоғанға салынған балық шамамен 300 тоннадан асып жығылады. Жадырап жаз келгелі балықтан маза кеткен. Таудан келетін ағын су балыққа емес, егіс алқаптарына бұрылған. Ал тіршілік нәрінсіз қаталап қырылған омыртқалы су жануарлары жағаның әр жерінде кездеседі. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
/ tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - / tvkhabar24
Instagram - / tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - / tvkhabar24
Vkontakte - tvkhabar24

Пікірлер: 22
@user-kh2cb6wr6p
@user-kh2cb6wr6p 5 жыл бұрын
Скважина қазу керек.ешкімге жалынбай
@user-zu6fr5tv3p
@user-zu6fr5tv3p 3 жыл бұрын
Мына акимнин туринен белгили гой судын кайда кеткени....
@user-on6uf6vc8q
@user-on6uf6vc8q 3 жыл бұрын
Артезян жасу керек еди ол су Туракты емеской
@erdauletomirbek1552
@erdauletomirbek1552 5 жыл бұрын
Ақылыды адам балықты емес халықты бағып пайда жинағаны жөн.ол үшін егінмен айналысу керек
@user-eu1bg9kq1x
@user-eu1bg9kq1x 3 жыл бұрын
Негизи аидаганын бес ешки ыскырыгын жер жарады деиди.не керени бар халыкка жария кып телеведение шакырып биреулерге бул бизнес унауы мумкун.сондыктан корсетпеи ундемеи бизнесинди аиналдырып алсаишы абден аякка турып.мен казактарга тан калам бир нарсе жасаса жария кылад.негизи котти кыскан баи болады диди
@user-rg2go4eq4s
@user-rg2go4eq4s 5 жыл бұрын
Раке ты красавчик
@user-mq7rb6ix5c
@user-mq7rb6ix5c 3 жыл бұрын
Артезиян казып алмасынба
@user-hr9gj8uy1d
@user-hr9gj8uy1d 3 жыл бұрын
Бар суды акесынен калгандай кызганып отр су шаруашылыгы,кымнын крышасы бар су сода
@user-sn6ck2uo6k
@user-sn6ck2uo6k 2 жыл бұрын
Где скважины или колодцы которые субсидию получали миллиардиами акикатт каида
@user-fp7dw7pg5u
@user-fp7dw7pg5u 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум ағайындар әрнәсені бір айтып қолдаған дұрыс әргімнін өз кәсібі бар қандай жағдай болсада қолдау керек әрнәсені бір айтып отырсындар өйт сендер Казакстан өмірі дамымайды бұл жоғарғы жактагы министр депутат әкім солардың жұмысы Өзбекстанның басшысымен келісімге келсе болады ғой ақшасын жеп қойған ақша жоқ
@user-dn5xz8jq5f
@user-dn5xz8jq5f 5 жыл бұрын
Жоғарыға пара бермесең саған су жоқ малыңды бағып егініңді егіп көтіңді қысып жүрмедіңба
@user-ip3cs3hh7p
@user-ip3cs3hh7p 3 жыл бұрын
😂😂😂
@odilkholmatov8090
@odilkholmatov8090 3 жыл бұрын
Ага артизан казиб алмадингизба жер асти суидан алмадинизба
@user-mt5yy7rj8d
@user-mt5yy7rj8d 3 жыл бұрын
Скважина урмадыма судын тартылганын кутпей терендыгы 50,100 метрге казыр техника баргой казатын.
@user-on6uf6vc8q
@user-on6uf6vc8q 3 жыл бұрын
Арал тартылып бир мыкты кала жойылды коке есебин дурыс болмагангой
@user-zj3ki7be9h
@user-zj3ki7be9h 3 жыл бұрын
Беламор емес Белый амур
@Nadir322
@Nadir322 3 жыл бұрын
Turan kardesh
@user-wk6qg2sh3q
@user-wk6qg2sh3q 5 жыл бұрын
Тілі өзбек болып кеткен
@user-fe8tc3xw6d
@user-fe8tc3xw6d 3 жыл бұрын
Тили озбек болып кетпеген ол озбек казахша соилеп тур
@user-qw4zu5tb9c
@user-qw4zu5tb9c 3 жыл бұрын
Осылаи бір біріміздің көтімізді шұқылап отырмасақ болмаидыма барда соның тілін дұрыстап ал
@user-jd5vg5vq3k
@user-jd5vg5vq3k 3 жыл бұрын
Қазақ тілінде Сазан, орыс тілінде карп.
Выпуск новостей 22:00 от 18.05.2024
23:46
Телеканал 24kz
Рет қаралды 5 М.
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН
didn't want to let me in #tiktok
00:20
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 11 МЛН
Балық өсірудің бабын таптық па? | AgroLife
10:05
Телеканал 24kz
Рет қаралды 3,1 М.
Жаздың ыстығында балық аулау
19:18
Abzal S
Рет қаралды 110 М.
Басты жаңалықтар 16.05.2024 | Жаңа уақыт
25:24
JIBEK JOLY NEWS / Жібек жолы жаңалықтары
Рет қаралды 59 М.
Жерасты суымен балық өсіру
8:56
BALYQ OSIRU
Рет қаралды 31 М.
Ауылда алғашқы қысқы балық аулау
14:49
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН