Рет қаралды 146
Өңір мен Қызылорда облыстарын байланыстыратын республикалық маңызы бар күре жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды 24kz. Биыл жолдың 2 шақырымын жаңарту жоспарланған. Ұлттық сапа орталығының аймақтық филиалы асфальт төсемесіне қажетті құрылыс материалдарынан 6 рет сынама алып, оның 4-еуі талапқа сай еместігін анықтады. Осыған орай мердігер мекемелер мен техникалық қадағалаушыларға қажетті нұсқаулар берілді. Нәтижесінде екі ақау жойылды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24