Рет қаралды 4,716
Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылында 30 жыл бұрын ауыз су мен газ болмаған. Дәріхана, мәдениет үйі сияқты маңызды әлеуметтік нысандар жоқ еді. Дәрігерлерлер науқастарды ескі ғимаратта қабылдап қызмет көрсетті. Қазір барлығы жаңадан салынды. Ынтымағы жарасқан ауылда халық саны да көбейді.
Бұл ауылдың атауы кезінде Бурно-Октябрь болған. Тәуелсіздік алған жылдары халық жаппай көшіп, тұрғын саны күрт азайды. Әлеуметтік жағдай төмендеп, жұрт ауылдан үдере көше бастады. Ал сол 90-жылдардың тоқырауында қиындықты елмен бірге еңсергендері қазір туған ауылында тұрып жатыр.
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz