Рет қаралды 2,208
Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс қалай шешіледі?
Қазір көпті алаңдатқан мәселе осы. Жыл басында билікке келген Дональд Трамп жағдайды 1-2 күнде реттеймін деп батыл мәлімдеме жасады. Бірақ онысы Ақ үй басшысы ойлағандай болмай шықты. Арада тек 3 ай өткен соң жауласқан екі жақтың басшылары бір үстел басында бас қосуға келісті. Сарапшылар: " бұл күндері жаһандық саяси сахнада ең маңызды шешімдердің бірі қабылдануы мүмкін",- деп отыр. Ресей мен Украина бітімге келуі үшін осы күнге дейін қандай дипломатиялық қадам жасалды?
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24