Рет қаралды 71,204
Шымкенттегі жаппай бүлік кезінде ірі сауда орталығын тонағандар ұсталды.
Қалалық Полиция департаментінің бастығы, комендант Ералы Жұмаханбетовтің айтуынша, 5 қаңтар күні түнде бұзақылар қаладағы «Метро» сауда үйінің есік-терезесін сындырып, тауарларды ұрланған. Олар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 күдікті «Нұрсат-3» шағын ауданындағы жалдамалы пәтерден ұсталды. Олар 2001 және 2002 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары екені анықталды. Айғақ зат ретінде сауда орталығынан ұрланған тауарлар тәркіленді. Бұдан бөлек сауда дүкенін тонаған тағы бір азамат қолға түсті. Ол ұрлаған заттарын өзі жұмыс істейтін көлік жуу орнының демалыс бөлмесіне жасырыпты.
#Тонау #Наразылық2022 #ТөтеншеЖағдай #Шымкент
«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz