Рет қаралды 37,331
Еліміздің латын әліпбиіне көшуін Өзбекстандағы қазақ мектептерінің ұстаздары да қызу қолдап отыр.
Өйткені көрші елдегі білім жүйесі бұл үрдіске әлдеқашан өтіп кеткен. Ал 42 таңбалы кириллицамен мектеп тәмамдаған түлектер жергілікті жоғарғы оқу орнына түсер кезде бірқатар қиындыққа тап болатын. «Жаңа әліпби жалпыға ортақ рухани тамырға нәр беріп қана қоймай, ғасырлардан келе жатқан мәдени және тарихи байланысты нығайтады деп отыр», - ұстаздар қауымы.
Бостандық ауданына қарасты шағын ғана Шақшам ауылында бірнеше ұлт өкілі тұрады. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елді мекенде қос бірдей білім ұясы бар. Соның бірінде 130-дан астам қазақтың қара домалақ баласы өз ана тілінде оқып жүр. Аталған білім ұясында 34 жылдан бері бала тәрбиесімен айналысып жүрген Насиба Жақыпова Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі Орталық Азиядағы бауырлас елдер арасындағы достықты нығайтады деп отыр. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
/ tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - / tvkhabar24
Instagram - / tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - / tvkhabar24
Vkontakte - tvkhabar24