Рет қаралды 132
Арқалық арқылы қатынайтын жүк көліктерінің қатары, бұйыртса, төрт есеге дейін өседі. Бұл Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тіке шығатын «Астана - Ырғыз», «Жезқазған - Петропавл» республикалық тасжолының жөнделуіне байланысты. Өңірлер арасында логистика жақсарып, кәсіпкерлік саласы дамиды. Қазір Арқалықта жол бойындағы сервистік қызмет көрсетуге арналған бизнес-жобалар талқыланып жатыр.
«Жезқазған - Петропавл» тасжолының құрылысы елдің бірнеше өңірінде жүріп жатыр. Қостанай облысының аумағында 71 шақырымдық жол бөлігі жөнделеді. Ол Ұлытау облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі аралықты қамтиды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24