Рет қаралды 569
Рио-де-Жанейро қаласында БРИКС саммиті басталғалы жатыр. Бұл Бразилияның ұйымға төрағалық ету жылындағы басты шарасы болып тарихта қалмақ. Халықаралық ұйым жыл сайын жаңа қарқын алып отыр. Қатарына қосылған елдер мен «серіктес» статусын алған мемлекеттер саны да артып келеді. Оның қатарында Қазақстан да бар. Отандық делегацияны республикамыздың Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастап барды. Ал енді Қазақстан «серіктес ел» статусын алған БРИКС саммиті биыл несімен ерекшеленбек?
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24